08.09.2018, 11:44

Балқашта ер адам сүйіктісін сабап өлтірді

Балқашта ішімдіктің кесірінен қайғылы оқиға орын алған еді. Араққа сылқия тойып алған ер адам, сүйіктісін оңбай соққыға жығып, өлтірген. Марқұм оқиға орнында тіл тартпай кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Ер адам не себепті мұндай әрекетке барғанын түсіндіре алмаған. Айтуынша, ол сол күні ішімдікті шамадан көп мөлшерде ішкен екен. Салдарынан себепсізден-себепсіз сүйіктісінің басынан бірнеше рет ұрған. Марқұм оқиға орнында қаза тапқан.

Ер адам артынша пәтерден кетіп қалған екен. Қазіргі таңда ҚК 99 «кісі өлтіру» бабы бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.