08.09.2018, 12:06

Павлодарда биіктегі балконның сыртына шығып кеткен қыз бала құтқарылды

Павлодардағы Суров көшесінде үйдің балконың сыртына шығып кеткен 6 жастағы қыздың видеосы желіге таралып кетті. Жарты сағат бойы тұрған қыз баланы құтқарушылар аман-есен жерге түсіріп алған.

2012 жылғы қыз бала 4-қабаттағы үйдің балконың сыртына шығып кеткен. Сол маңдағы тұрғындар дереу құтқарушыларды шақыртқан. 2 ер адам аман-есен баланы жерге түсіріп алды.