$ 449.58  486.94  4.86

Солтүстік Қазақстанда 14 жастағы қыз жоғалып кетті

Петропавл қалалық ІІБ қылмыстық полиция бөлімі із-түзсіз жоғалып кеткен 14 жастағы Диана Набатчикованы іздестіріп жатыр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 14 жастағы қыз 7 қыркүйек күні сағат 21:00 шамасында үйінен шығып кетіп, содан бері оралмаған.

Белгілері: бойы - 167-170 см, шашы қара, иығынан төмен түсіп тұрады, дене бітімі орташа, қой көзді. Үстінде көк пальтосы, джинсы шалбары болған.

Қандай да бір ақпарат білетін азаматтар тез арада мына телефондарға қоңырау шалып, хабар беруіне болады: 39-48-37, 39-48-32, 39-48-07, 8-747-492-59-15, 8-707-297-47-12, 8-705-336-56-07.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары