Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова Санкт-Петербург қаласында өткен кезекті жекпе-жегінде танымал ресейлік қарсыласын жеңіп, WIBA атағын жеңіп алды деп жазады ҚазАқпарат.
WIBA, WBU, IBO Championship және WBC Silver белбеулерінің иегері қазақстандық Фируза Шарипова (8-1, 4 КО) мен ресейлік Юлия Куценконың арасындағы жекпе-жек отандасымыздың жеңісімен аяқтады. Бокс кешін Қазақстанда «Хабар» телеарнасы тікелей трансляция жасап, оны әлемнің 100-ден астам елі тікелей эфирде көрсетті.
Бокс кеші 8 қыркүйекте Санкт-Петербургте «А2» аренасында өтті. Бокс кешінің нәтижесінде қазақстандық боксшы қыз қарсыласы Куценконы кәсіби бокстағы алғашқы жеңілісіне ұшыратты. 10 раундқа созылған жекпе-жек төрешілердің шешімімен қазақстандықтың пайдасына шешілді.
Осылайша, отандасымыз өзінің титулдарын қорғап ғана қоймай, жеңіл салмақта WIBA чемпионы атағына ие болды.