Жүргізуші көлік рөліне ие бола алмай қалған деп жазады ria.ru.
Туристер отырған автобус Индонезияның Сукабуми қаласы маңындағы тереңдігі 30 метрлік сайға құлап, 20 адам қаза тапты. Ал оннан астам адам жарақат алды.
Автобусты Catur Putra Group фирмасының жұмысшысы жүргізген, олар туристер арасында танымал өзенге қарай бара жатқан.
Жүргізуші рөлге ие бола алмай қалып, автобус сайға құлаған. Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, зардап шеккендер медициналық көмек көрсету мақсатында ауруханаға жеткізілді.
Дереккөз: Baq.kz