10.09.2018, 03:31

Атырауда 28 жастағы жігіт өзін алтыншы қабаттан тастап мерт болды

Атырауда 8 қыркүйек күні 28 жастағы жігіт өзін алтыншы қабаттан тастап қайтыс болды деп жазады Ақ жайық басылымы.

Жігіт 9 қабатты үйдің 6-қабатынан өзін тастап жіберіп сол жерде мерт болған.

Облыстық ІІД оқиғаға қатысты әлі пікір білдірмеді. Егер өз өзіне қол салған болса, бұл жағдай осымен облыстағы екінші суицид боп тіркеледі.

Айта кетейік, бұған дейін 27 жастағы жігіт Авангард шағын ауданындағы балалар әткеншегінде асылып қалған болатын.