10.09.2018, 03:51

Павлодар облысында кәріз құдығына түсіп кеткен бала құтқарылды

Оқиға Ақсу қаласы аумағында Береке ауылында болған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зардап шеккен бес жасар бала қатты тоңып, ақпасуға шашалып қалған, алайда дәрігерлер оны құтқарып қалды», - деп хабарлады бүгін таңертең жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметі.

Оқиға сенбі күні Ақсу қаласының ауылдық аймағындағы Береке ауылында болған, деп атап өтті ведомствода. Әрең тыныс алып жатқан баланы құдықтан төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері шығарып алған.

«Кейін жедел жәрдем қызметі іске кірісті - балаға тыныс алу жолдарының аспирациясы және қатты салқын тию деген диагноз қойылды. Реанимациялық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шегушіні Ақсу орталық ауруханасына апарды», - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.