$ 498.34  519.72  4.85

Семейдегі хосписте науқастар дәлізде жатыр

Семейде ашылған «Хоспис» 1 жыл ішінде өңірдің 541 тұрғынына паллиативтік медициналық көмек көрсетті. Алайда бүгінде орын жетіспеушілігінен науқастарға дәлізде ем көрсетіліп жатыр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, Семейде аталмыш мекеме әлемге әйгілі «Дело большее, чем Чернобыль» қоғамдық қорының бас директоры Фиона Коркоранның басшылығымен ашылған болатын. Ауыр халде жатқан науқастарға үй жағдайында күтім көрсету қиын. Сондықтан «Хоспис» бұл жайтты өзгерту үшін ашылған.

Мекеменің жыл ішінде атқарған жұмысымен танысуға қалалық қоғамдық кеңес өкілдері барды.

Мұнда медициналық көмек емделмейтін ауруға шалдыққан науқастарға көрсетіледі. Атап айтқанда, қатерлі ісікке шалдыққан, арнайы ем шарадан кейін дәрілік оңалтуды қажет ететін, созылмалы аурулары бар, инфаркт алған, қан қысымы үнемі көтерілетін сырқаттарға.

Бүгінде мекеме заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Науқастарға қажетті барлық жағдай жасалған.

«Мекеме ауыр жағдайда жатқан науқастардың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін ашылған. Бүгінгі күні барлық медициналық қондырғылар мен құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Әрбір палатада функционалдық төсектер, арбашалар, төсекке қойылатын үстелдер, бактерицидті лампалар бар. 4 уақыт тамақпен қамтамасыз етіледі. Егер науқас өзі тамақ іше алмаса медбикелер тамақтандырады», - деді «Семей қаласының Хосписі» директоры Ғалия Жуасбаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары