Осыдан бірнеше ай бұрын тойында ерсі қылықтар жасап, желіде хит болған тақырбас келін тұрмысқа шығып ап тағы да елді шулата бастады. Бұл жолы ол жүктілігіне қарамастан көшенің қақ ортасында тұрып ап би биледі.
Видеоны ол өзінің Instagram-парақшасына жүктеген. Онда келіншек аяғын еркін көтеріп, қолдарын оңды-солды сермеп тұрып билейді. Желі қолданушылары болса, әдеттегідей әйелдің бұл қылығына күйіп-пісіп жатыр.
«Айналайын, өзіңді ойламасаң да, ішіңдегі балаңды ойласайшы», «Іш киімі жарқырап. Қарны шермиіп не болды?», «Апама жездем сай. Күйеуіне де бәрібір боп тұр ғой», - деп жазды желідегілер.