$ 444.32  473.33  4.76

Павлодарда 2 үй түгел өртеніп кетті

Екінші Павлодарда екі үйдің тұрғындары өрт салдарынан баспанасыз қалды деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тілсіз жау 200 шаршы метр жерді жалмаған.

«Өрт сағат 21:35-те Омбы көшесі 61 үй мекенжайындағы бес бөлмелі, кірпішпен қапталған қамыс үйде бастау алды», – деді баспасөз қызметінде.

Шатырдың ағаштары, пластикалық терезелер мен қоршаулары жанып өрт 90 шаршы метрге жайылды. Оған қоса, көлікжайдың шатыры мен шаруашылыққа арналған құрылыстарды жалын шарпып 40 шаршы метрді құрады. Құтқарушылар 27 литрлік газ баллонын алып шықты.

Сонымен қатар, өрт жанында тұрған жеке үйге де жайылған. 70 шаршы метр аумақта үйдің шатыры отқа оранды.

«Үш минуттың ішінде оқиға орынына бес өрт сөндіру бөлімдерінің құтқарушылары жетті», – деді ТЖД департаментінде.

Алты техника жұмыс жасады. Сағат 00:45-те өрт толығымен жойылды. Алдын ала болжам анықталған себептер бойынша тілсіз жау электр сымдарының қысқа тұйықталуынан пайда болған.

Зардап шеккендер жоқ. Шығындар анықталуда.

Дулат Райымбек

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Павлодар #өрт