$ 487.37  532.94  5.09

Қостанайда жаңа туған сәбиді дәретхананың қоқыс жәшігіне тастап кеткен әйел ұлын қайтарғысы келеді

Қостанай облысында 7 тамызда облыстық аурухананың дәретханасындағы қоқыс жәшігіне жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел оны қайтарғысы келеді деп жазады alau.kz.

Қазір нәресте Қостанай облыстық балалар ауруханасында жатыр.

Аурухананың бас дәрігері Игорь Белобржицкидің айтуынша, сәбидің жағдайы қалыпты. Оған барлық медициналық көмек көрсетілген. Жақын күнде сәби «Дельфин» балалар үйіне тапсырылады екен.

«Анасы сәбиден жарты жылға бас тартатыны туралы қолхат жазып берді. Әйелдің аналық сезімі оянған. Ол ұлын алып кеткісі келеді. Бірақ баласын тастап кеткендіктен, енді оны өзіне қайтару қиынға соғады. Мүмкін әйел баланы денсаулығына, материалдық қиындықтарына бола тастаған болар», – дейді Игорь Белобржицкий.

Еске салсақ, осыдан бір ай бұрын Қостанай облысының тұрғыны әжетханада босанып, сәбиін қоқыс шелегінің ішіне тастап кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары