$ 486.44  534.31  5.06

ІІМ бүйрегі жоқ өлі табылған кішкентай қыздарға қатысты пікір білдірді

Ішкі істер министрлігінің өкілдері Whatsapp мессенджерінде бүйрегі жоқ өлі табылған қыздар жайлы хабарламаларға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды ведомствоның ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

Осыған дейін қолданушылар Whatsapp мессенджерінде бүйрегі жоқ өлі табылған қыздар жайлы хабарламалар таратқан болатын.

«Қайырлы күн! 6-8 жастағы екі қыз өлі табылды, олар жолдың шетінде жатты. (...) Бүйректері жоқ. Балаларыңызға қарап жүріңіздер, далаға қараусыз жібермеңіздер», - делінген хабарламада.

Алайда Қазақстанның ІІМ өкілдері бұл мәліметті жоққа шығарды. Олардың мәліметінше, бұл хабарламаның біздің елге қатысы жоқ.

«Әлеуметтік желілерде денесі табылған қыздар түсірілген суреттің біздің елге қатысы жоқ. Ол оқиға Ресейдің оңтүстігінде Каспийск қаласында болған. Мұндай күмәнді хабарламаларды таратпауға кеңес береміз. Заңнамаға сәйкес, жалған хабарлама таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады», - деп хабарлады Алмас Сәдубаев.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары