$ 494.87  520.65  4.91

Жезқазан тұрғындары қала күнін кең көлемде атап өтті (ФОТО)

Қасиетті ҰлытАудың баурайында жатқан, киіктің асығындай, ән-жырға бастау болаған, мыс шаһары Жезқазған кезекті 64 туған күнін кең көлемде, есте қаларлықтай атап өтті. Бұл мереке жыл сайын қыркүйек айынның бірінші жексенбісінде тойлану дәстүрге айналған. Биылды сол үрдісінен жаңылмай қалалық әкімдіктің ұйымдастыуымен түрлі мәдени іс -шаралар өтіп, жезқазғандықтар мен қала қонақтарына ерекше көтеріңкі көңіл сыйлады.

Жезқазған – бұл Орталық Қазақстандағы 1761 шаршы километр аумақты алып жатқан, 96,7 мың тұрғыны бар, бай өнеркәсіп инфрақұрылымы дамыған, мыс бұлағын ағызған, көптеген мәдени-ағарту және спорттық мекемелері бар әсем қала. Жезқазған аймағының аумағында 1500 ге жуық құнды тарихи және мәдени ескерткіштер бар, олар әсіресе Сарысу, Сары Кеңгір өзендері жағалауында көптеп кездеседі. Жезқазған қалалық тарихи-археология мұражайы, Жезқазғанның жерасты байлығын ашқан, Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш академигі Қаныш Сәтбаев атындағы өндірістік мұражайы біртұтастай мәдени-тарихи кешенге кіреді.

Жезқазған тау-кен металлургия комбинатын кенші, геолог, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың төл перзенті деп атауға болады. Мысты қаламыз жас, әрі жыл сайын қарыштап дамып келеді. Жез қаламыз Еліміздің түсті металлургиясының орталғы. Жер жаһанды өзінің сирек кездесетін металдары және сары алтындай сары мысымен мойындатқан даңықты қала.

Кеңгір жағалауындағы «Ротонда» жанындағы жазғы сахнада қала күніне арналған салтанатты мерекелік шара өтті. Мерекелік шараға жиналған халықтың санында шек жоқ. Бір сөзбен айтқанда қаламыздың жасы да- жасамысы да осы жерден табылды. Жиналғандарды қала әкімі Қайрат Бегімов құттықтап әр отбасына мол несібе, қаламыздың өсіп-өркендеуі жолында еңбек етіп жатқан тұрғындарға абырой бедел, еңбек ардагерлеріне шексіз алғысын, әрбір жезқазғандықтарға шынайы жылы лебізін жеткізді.

Дәл осы күні шаһар басшысы ҚР Президентінің арнайы жарлығымен көп балалы ана Ләззат Ахановаға күміс алқаны табыстады. Концерттік бағдарламаны Тайжан Қалмағамбетов атындағы филормония әншілері бастап берді. Сүйікті қаламызға танымал ақын-композиторлар өздерінің ғажайып туындыларын арнаған болатын. Кеш барысында жезтаңдай әнші Еркін Омар сол әсем әндерді орындап тамаша әсер сыйлады. Осыдан кейін Қазақстан өнер жұлдыздары Тамар Асар, Ғаділбек Жанай, ағайынды Жүгінісовтер хит әндерін шырқап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Туған қаламыздың құрметіне арналған мерекелік кешті ҚР Еңбек сіңірген әртісі Береке Көшенов сөзі Нүрәсила Бәрменбаева әні Жақсыкелді Сейіловтың «Жезқазған маршы» керемет әнімен аяқтады. Барша жиналған қала тұрғындарымен қонақтары орындарын тік тұрып үлкен қошмет көрсетті. Айтулы іс-шара көк аспанды түрлі-түсті бояумен көмкерген керемет от шашумен мәресіне жетті.

Ізтөлеу ТҮСІПОВ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары