Алматыдағы көшелердің бірінде көлік ер адамды қағып, мерт қылды деп жазады ҚазАқпарат.
Қайғылы оқиға Тілендиев және Соқпақбаев көшелерінің арасында шығыс бағытта Рысқұлов көшесінің бойында болған.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам мас күйінде жолда қоқыс төккен. BMW көлігінің жүргізушісі оны байқамай, қағып кеткен.
Соққының күшті болғаны соншалық, ер адам көліктің алдыңғы әйнегіне ұрылып, ұшқан күйі салонға кіріп кеткен. Алған жарақаты салдарынан сол жерде көз жұмған.