$ 446.49  475.38  4.79

Қанат Айтбаев Димаштың болашақта ұстаз болуы мүмкін екенін айтты

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі ұлының болашақта ұстаздыққа бет бұруы мүмкін екенін 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтты.

«Димаш дипломын қолға алды. Ол жастайынан ұстаздықты жақсы көретін. Болашақта ұстаздықпен айналысуы ғажап емес. Десе де, алда не күтіп тұрғанын Алла ғана біледі. Бүгінде оқуын композиция саласы бойынша жалғастырмақ ниетте. Сол себепті жұмыс арасында концерттік шаралар арқасында көптеген ізденісін қағаз бетіне түсіріп жүр. Болашақта өзінің саласы бойынша зерттеу жұмыстары нәтиже беріп жатса, оны да көре жатармыз», — деді Қанат Айтбаев.

Сондай-ақ, әнші Димаштың өздеріне арнаған әні толықтай көңілдерінен шыққанін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары