$ 494.87  520.65  4.91

Ішкі істер министрлігінің басқарма басшысы 11 миллион теңге парамен ұсталды (ВИДЕО)

2018 жылы 12 қыркүйекте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы ҚР ІІМ көліктегі ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы күрес басқармасының басшысын сыбайлас жемқорлық күдігімен ұстады деп хабарлайды ведомствоның ресми өкілі Жанна Бастарова.

«Көліктегі ІІД ұйымдасқан қылмыстық топқа күрес басқармасының басшысы 11,5 миллион теңге пара алу кезінде ұсталды. Бұл сома алдын ала лауазымды қызметкердің қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы үшін 50 мың АҚШ долларының бір бөлігі екені анықталды. Ұстау кезінде ол қарсылық көрсетіп, Ұлттық бюро департаменті қызметкерінің көлігін бүлдіріп, қашып кетпекші болды», - делінген ведомство хабарламасында.

Күдікті Астана ІІД-ндегі уақытша қамау изоляторына қамалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары