$ 443.44  480.51  4.88

Головкин мен «Канело» салмақ өлшеу рәсімінде төбелесіп қала жаздады (ВИДЕО)

Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің соңғы салмақ өлшеу рәсіміне келген жанкүйерлер тосын оқиғаға куә болды. 

Головкин мен «Канело» дәстүрлі көз түйістіру рәсімінде төбелесіп кете жаздады. Осы кезде боксшылардың командалары да шекісіп қалды, ұйымдастырушылар оларды ажыратуға мәжбүр болды деп жазды Sports.kz.

​Айта кетейік, Головкиннің салмағы 159,6 фунт (72,39 килограмм), «Канело» 159,4 фунт (72,3 килограмм) тартты. 

Рематч 15 қыркүйекте (Қазақстанда 16 қыркүйек күні таңертең) Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді. Қос боксшы да бұл жекпе-жекті нокаутпен аяқтауға уәде берді. 

Дереккөз: Sputniknews.kz 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары