$ 494.87  520.65  4.91

Астанада сөмке ішінен әйелдің денесі табылды

Астана қаласының полиция қызметкерлері «Шанхай» базарының қасында сөмкеден табылған 26 жастағы әйелдің өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр деп хабарлайды Астана қалалық ІІД.

Әлеуметтік желіде тарап кеткен қорқынышты видеода сөмкенің ішінен әйел адамның денесін тапқан. Аталған оқиға 13 қыркүйекте кешкі сағат 8-дер шамасында «Шанхай» базарының маңында тіркелген.

«Полиция қызметкерлері керекті шараларды қолданып жатыр. Әйелдің кім екені анықталуда. Медициналық-соттық сараптама нәтижесі бойынша қинап өлтіру белгілері байқалмаған. Сот алды тергеу ісі жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Дереккөз: Stan.kz 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары