Геннадий Головкиннің жанкүйерлері спортшының бірегей мүсінін жасап, оны Қарағандыдағы дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Астаналық Бауыржан Бақтыгереевтің мамандығы - эстрада әншісі. 2013 жылдан бері медиастудиямен айналысады. Хобби ретінде түрлі шығармашылық жобаларды жүзеге асыруда. Солардың бірі - танымал тұлғалардың мүсінін жасау.
«Біз мүсінші емеспіз, экспериментшіміз. Мен екі жыл бойы үйреніп, қалай жасайтынын қарап жүрдім. Тағдыр мені жақсы көзеші Асанов Борончиевпен кездестірді. Ол маған қолдау көрсетіп, осылайша екі айдың ішінде Головкиннің мүсінін жасадық. Жобаны маусымның басында таныстырдық. Бізге оралдық жас кәсіпкерлер қолдау көрсетті», – дейді Бауыржан Бақтыгереев.
Геннадий Головкиннің силиконды мүсінінің биіктігі 1,79. Дене бітімін де есепке алып жасаған.
«Головкиннің командасы жасалған мүсін туралы хабардар. Қарағандыда айқастың алдында сыйладық. Біз бұдан пайда табайық деген ой болған жоқ. Жәй ғана мүсін жасап, қолдау көрсеткіміз келді», - дейді жас жігіт. Геннадий Головкин спорт кешенінің әкімшілігі мүсіншілерге Головкиннің қолтаңбасы қойылған қолғапты тарту етті.
Головкиннің мүсінін музейге, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің фойесіне орналастырылды. Ескерткішке спортшының 2004 жылы Олимпиада өнер көрсеткен бокс формасы кигізілген.