Ресейдің Нижегородской облысының Константиново ауылында«Халық емшісі» науқас балаға массаж жаймын деп өлтіріп алды деп жазады Life.ru.
Емді невролог дәрігерден алуы керек болған сәбиді ата-анасы емшіге апарған. Әйел баланың мойнын уқалап жатып қатты бұрып жіберген. 4 айлық нәрестенің жағдайы одан әрі ушығып, ауруханадан бір-ақ шықты. Алайда дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады.
«Халық емшісінің» массаж жасауға да рұқсат қағазы болмай шықты. Осы оқиғаға байланысты тергеу амалдары басталды. Бірақ әйел кінәсін мойындамай отыр.