$ 448.89  477.93  4.76

«Головкиннің белбеулерін қайтарып аламыз»: Жас спортшы «Канелоға» қарсы үндеу жариялады

Генадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегінен кейін қазақстандық жас спортшы Жәнібек Әлімханұлы арнайы үндеу жариялады. Ол қазақстандықтарға 2019 жылы мексикалыққа кеткен белбеулердің бәрін қайтарып алуға сөз берді.


«Бұйыртса белбеулерді қайтарып аламыз! 2019 жылы менің промоутерім мен «Канелоның» промоутері келіседі деп сенемін. Асыға күтемін! Мексикалықтарға қазақ бокс стилін көрсетеміз!»,- деп жазды әуесқой бокста Азия ойындары мен Әлем чемпионатын жеңген қазақ боксшысы.

Айта кетейік, бүгін Лас-Вегаста кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Сауль Альварестен жеңіліп қалған еді. 40-жекпе-жегінде ол чемпиондық атағын қорғай алмай, WBC WBA (Super) және IBO чемпиондық атағымен WBC арнайы белбеуі мен The Ring журналы белбеуінен айрылып қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары