$ 494.87  520.65  4.91

Филиппинде дауылдан 32 адам мерт болды

Филиппинде «Мангхут» дауылынан кем дегенде 25 адам қаза тапты деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Лусон аралына дейін жеткен тайфун аймаққа нөсер жауын мен лай көшкінін әкелді. Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, табиғи апаттан Гонконгта жолдар жабылып, көлік қозғалысы тежелді. Тұрғын үйлер электр желісінен ажыратылды. Елдегі барлық ғимараттар жұмысын тоқтатты. Чек Лап Кок халықаралық әуежайында жүздеген әуе рейстер кейінге шегерілді. Жергілікті билік қауіпті аймақтан шамамен 105 мың тұрғынды уақытша баспанаға орнатып жатыр. Мамандар апат орын алған аймақта тағы лай көшкіні басталу қаупі бар екенін ескертіп, халықты қауіпсіздік шараларды сақтауға шақырады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары