$ 494.87  520.65  4.91

Қытайда жұмыс уақыты қысқаруы мүмкін

Қытай үкіметі жаз уақытында барлық қызметкерлер үшін жұмыс күнін қысқартпақ. Яғни, жұма күні қысқа жұмыс күні болады. Бұл жөнінде  Рамблер хабарлайды деп жазады 7kun.kz.

ҚХР Мемлекеттік кеңесінің ұсынысы бойынша, азаматтар жарты күнге артық демалатын болады. Басты мақсат — ішкі туризмді дамыту. Жұмыстан бос кезді демалысты жоспарлауға, ел ішінде саяхаттауға арнаған жөн дейді биліктегілер.

Қазіргі 40 сағаттың орнына жұмыс аптасында 36 сағат еңбек ететін болады. Ал, жұмыс күнінің саны — 4,5 күн.

ҚХР Еңбек және әлеуметтік сақтандыру министрлігінің статистикасы бойынша, елдегі азаматтардың 50 пайызы ғана төленетін жыл сайынғы еңбек демалысына шығады.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары