$ 447.4  477.55  4.76

Жақында WhatsApp мессенджерінің түсі өзгереді

WhatsApp мессенджерінің өкілдері алдағы уақытта қосымшаның жаңаратынын мәлімдеді деп хабарлайды Wccftech.

Айта кетейік, таяуда мессенджер батырмалы телефондарға да қолжетімді бола бастады. Нәтижесінде әлем бойынша WhatsApp қолданушыларының саны артты - қазіргі уақытта базада жарты миллион жаңа аккаунт бар.

Жаңаруы жайлы айтатын болсақ, WhatsApp өкілдерінің сөзіне қарағанда, мессенджер қара түске ауыстырылады. Айтуларынша, қара түс көзді аса ауыртпайды. Сондай-ақ, жаңа түстің арқасында аккумуляторды үнемдеуге болатыны айтылады. Таяуда бұл түс iOS пен Android-та қолжетімді болады.

Дереккөз: Тengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Whatsapp #аккаунт