Ақтөбеде Қытай компаниясына тиесілі мұнай қоймасында жарылыс боп ер адам қайтыс болды деп жазады Sputniknews.kz.
10 қыркүйек күні «CNPC — Актөбемұнайгаз» қытай компаниясының мұнай қоймасында жарылыс болды. Салдарынан 49 жастағы газбаллон таситын жүргізуші және мұнай құю санциясының 2 операторы жараланды. Жүргізуші «жағдайым жақсы» деп ауруханадан шықты. 2 оператордың бірі қайтыс болды. 30 жастағы ер адамның денесінің 50 пайызы күйік шалған. Денесінің 85 пайызы күйген 50 жастағы әйел қазір ауыр хәлде.
Оқиғаның анық-қанығын анықтайтын арнайы комиссия құрылды. Сондай-ақ техникалық қауіпсіздіктің қаншалықты сақталғаны да тексеріліп жатыр.