$ 481.84  531.33  5.07

Ақтөбедегі Қытай компаниясында болған жарылыс: Жарақаттанған тағы бір адам қайтыс болды

Ақтөбедегі Қытай компаниясындағы жарылыстан жарақат алған 30 жастағы оператордың қайтыс болғанын бұған дейін хабарлаған едік. Дәрігерлер енді 50 жастағы әйелдің де көз жұмғанын растап отыр деп жазады Sputniknews.kz.

Бұған дейін қайтыс болған 30 жастағы ер адамның денесінің 50 пайызын күйік шалса, әйелдің денесінің 15 пайызы ғана аман қалған.

Оқиғаның анық-қанығын анықтайтын арнайы комиссия құрылды. Сондай-ақ техникалық қауіпсіздіктің қаншалықты сақталғаны да тексеріліп жатыр.

Еске сала кетейік, 10 қыркүйек күні «CNPC — Актөбемұнайгаз» қытай компаниясының мұнай қоймасында жарылыс болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары