17.09.2018, 06:39

Семейде 2 адам өртенген үй ішінде уланып қайтыс болды

Көрнекі сурет

Семейде 1959 жылғы әйел мен 1963 жылғы ер адам өртенген үй ішінде уланып қайтыс болды деп хабарлайды СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Өрт Ұранхаев көшесінде орналасқан 5 қабатты үйдің 2-қабатынан шыққан. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды бір жарым сағатта өшіріп үлгерген. Үй ішінен 1959 жылғы әйел мен 1963 жылғы үй иесінің өлі денесін табылған. Олардың газдан уланғаны белгілі болды.

Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамағаннан шығуы мүмкін деген болжам бар.

Дереккөз: NewTimes.kz