Алматы облысында ойнап жүрген 3 жастағы бала қаза болды. Қайғылы оқиға Нарынқол ауданындағы Сарыжаз ауылында болған деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2015 жылғы бала ата-анасының қарауынсыз далада ойнап жүрген. «Бала абайсызда шұңқырға құлап, суға батып кеткен.
Бүлдіршіннің мүрдесін шұңқырдан оқиғаға куә болғандар алып шыққан», – деді ТЖД-дан.