17.09.2018, 09:38

Алматы облысында 3 жасар бала шұңқырға құлап мерт болды

Алматы облысында ойнап жүрген 3 жастағы бала қаза болды. Қайғылы оқиға Нарынқол ауданындағы Сарыжаз ауылында болған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2015 жылғы бала ата-анасының қарауынсыз далада ойнап жүрген. «Бала абайсызда шұңқырға құлап, суға батып кеткен.

Бүлдіршіннің мүрдесін шұңқырдан оқиғаға куә болғандар алып шыққан», – деді ТЖД-дан.