Атырауда лифті істен шығып, 6 жасар бала мен 24 жастағы әйел зардап шекті деп жазады Мой ГОРОД.
Оқиға Атырау қаласы Алмагүл ықшам ауданындағы №23 үйде болған.
Бала мен әйел үшінші қабаттан бірінші қабатқа түсіп бара жатқан. Істен шыққан лифті салдарынан екеуі де ауруханаға жеткізілді. Дәрігергер жапа шеккен екеуге қажетті ем-домдарын жасап, үйлеріне қайтарды.
Төтеншеліктер оқиғаға лифтіде рұқсат етілген салмақтың артуы себеп болған деп отыр.
Айта кетейік, дәл осы үйде 2013 жылы лифт бұзылып, 24 жастағы қыз қайтыс болған еді.