$ 441.66  475.14  4.86

«Баланы анасынан ұрлап кетіп тұншықтырған»: Қостанайдағы қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталды

Қостанайда өлі табылған сәби мен оның әкесі жайлы бұған дейін жазған едік. Оқиғаның мән-жайын атын атамауын өтінген келіншек баяндап берді деп жазады kstnews.kz.

Оқиға Денисовка ауданындағы Глибовка ауылында болған.

31 жастағы әйел мұғалім боп жұмыс істейді екен. Күйеуімен ажырасып кеткендеріне көп болған. Басқа еркекпен азаматтық некеде тұрып жатыр екен.

Бұрынғы күйеуі 14 қыркүйек күні 4 жасар баласын үйінің терезесін сындырып, ұрлап әкетіпті. Сөйтіп жалдамалы пәтерге барып, баланы тұншықтырып өлтірген. Ер адамның бұндай қадамға не үшін барғаны әлі белгісіз.

Еске сала кетейік, 16 қыркүйек күні кешкі сағат 10-дар шамасында жалдамалы пәтерден ер адам ас үйде қансырап жатқан жерінен табылған. Ауруханаға жеткізілгенімен дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары