Қостанай облысы Жетіқара ауданы Тимирязев ауылында кәріз құдығынан 7 жасар баланың өлі денесі табылды деп жазады kstnews.kz.
Оқиға 17 қыркүйек күні болған. 2011 жылы туған бала сол күні түскі сағат 14:00-де үйінен шығып, қайта оралмаған. Оны іздеуге құтқарушылар, ІІД жеке құрамы мен техникасы және жергілікті халық атсалысқан.
Қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жүргізідіп жатыр.