Мәжіліс Қаржы министрі лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын мақұлдады.
«Комитет отырысының қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ұсынған Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын қарап, аталған кандидатураны Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынуға болады деп есептейді»,-делінген хабарламада.