18.09.2018, 12:30

Алматыда жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған түрік азаматы ұсталды (ВИДЕО)

Алматыда ер адам ұрып-соққан жедел жәрдем жүргізушісі бетін жарақаттап алған. Жергілікті ішкі істер департаменті түрік азаматын қолға түсірді деп жазады Tengrinews.kz.

Фельдшер Гүлсім Рахимова бұл оқиғаның Мақатаев көшесінде болғанын айтады.

«Жүргізушінің бетін жарақаттап, қабағын жарған. Оны ауруханаға жеткізді. Бетінің барлығы қан-жоса, қанды ісік. Жүргізушінің есімі - Николай, шамамен 60 жаста, жедел жәрдемде ұзақ уақыт жұмыс істейді. Оны барлығы таниды», - дейді фельдшер Гүлсім Рахимова.

Ұсталған ер адам 1990 жылы туған. Түркия азаматы. Қазір оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 1-бап 293 бөлігі («Бұзақылық») бойынша іс қозғалды.