$ 442.05  474.14  4.74

Президенттің жаңа көмекшісі тағайындалды

Ғабит Байжанов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ғабит Байжанов
Ғабит Байжанов

«Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметінен босатылсын», - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары Исатай Бақтиярұлы Сартаевқа Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директоры міндетін уақытша атқару жүктелді.

Жанат Шәймерденов «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары болып тағайындалды.

«Сырбар» қызметі тікелей Президентке бағынады. Барлау, сараптама және ұлттық қауіпсіздікпен айналысады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары