$ 481.84  531.33  5.07

Қарбыз үшін атыс: Түркістан облысында полицейлер 3 күдіктіні ұстады

Полицейлер Түркістан облысының Шардара ауданындағы Достық ауылының маңында болған атысқа қатысы бар үшінші күдіктінің ұсталғанын хабарлады. 7 қыркүйекте болған атыстың нәтижесінде кісі өлімі болып, екі адам жарақат алған болатын деп жазады Stan.kz.

Түркістан облысы ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Қарақөзова күдіктінің Тараз қаласында қолға түскенін айтты.

«Қазіргі уақытта осы қылмыстық іс бойынша алты адам күдікке алынып, сот шешімімен қамауға алынды. Ұсталған күдіктілер тергеу изоляторына орналастырылды», – деді ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Қарақөзова.

7 қыркүйекте Шардара аудандық соты тергеушінің 1987 және 1993 жылдары туылған екі жергілікті тұрғынға қарсы екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі алдын алу шарасы туралы сұрауын қанағаттандырған болатын. Олардың екеуі де «кісі өлтірген» және «бұзақылық» жасаған деп күдіктелуде. Қаракөзова сондай-ақ тергеудің заңсыз қару-жарақ ұстау бабы бойынша жүргізіліп жатқанын айтты. Сот төрт күдіктіні екі айға қамауға алу туралы шешімді сырттай шығарды.

Естеріңізге сала кетейік, 7 қыркүйекте Түркістан облысында фермерлер арасында атыс болып, бір адам көз жұмған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары