$ 448.15  483.46  4.86

Шымкентте нан қымбаттап, 60 теңгеден сатылып жатыр

Шымкентте нан 10-15 теңгеге қымбаттап, 60 теңгеден сатылып жатыр деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

«Нан қауымдастығы» төрағасы Әбдімәлік Көмекбаевтың айтуынша, әзірге әкімдік бағаны 60 теңге қалпында қалдыруға келіскен.

«Ең бірінші ұнның қатты қымбаттап кетуіне байланысты, одан басқа да нан пісіруге қажетті ашытқы дейміз, тұз дейміз, өсімдік майы дейміз, электр энергиясы, газ және сулардың қымбаттауына байланысты және тасымалдауға кететін бензин де қымбаттап отыр осы екі жылдық мерзімді алған кезде», - дейді Көмекбаев.

Телеарнаның мәліметінше, «Нан қауымдастығы» өкілдері бағаның көтерілетінін айтып, бір апта бұрын әкімдіккке хат жолдағандарын жеткізген екен. Олардың есебінше, әлеуметтік нанның өзіндік құны 54 теңге 60 тиын. Ал соңғы екі жылда наубайханаларға жеңілдетілген ұн берілмейді. Солтүстік облыстардан келетін ұнның бір қабы орта есеппен 700 теңгеге өскенін байқаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары