Ақмола облысының тұрғыны Бердігүл Назарбек 1 жарым жастағы баласының еміне ақша таппай отыр. Күйеуінен де үміті жоқ ана 800 мың теңге табылса, Ресейге аттанбақ деп жазады NewTimes.kz.
Бердігүл Назарбек ұлын жүктілігінің 42-аптасында дүниеге әкеліпті. Дәрігерлер баланың өмірін әрең дегенде аман алып қалған. Десе де 1 жарым жастағы ұлы әлі күнге жарық дүниені көрмейді, құлағы естімейді. Тамақтануы да қиын.
Жалғызбасты анаға дәрігерлер де баладан үміт үзуді сұрапты. Бірақ ана жүрегі баласының әлі-ақ жазылып кететініне сенеді.
Қазір талапкер ауылында анасының жанында тұрып жатқан Бердігүл Новосібірдегі оңалту орталығымен келісімге келіпті. Олар балаға операция жасау үшін 1 жарым млн теңге сұрап отыр. Ал Бердігүлдің қолында әзірге небәрі 700 мың теңге ғана бар. Мүмкіндік болса, көпшілік көмек қолын созса дейді ол.