$ 482.86  533.17  5.08

Қостанайда 4 жасар баласын өлтіріп, кейін өзіне қол салған тұрғынның әйелі оқиғаның мән-жайын баяндады

Қостанай облысында 4 жасар баласын буындырып өлтіріп, кейін өзіне қол салған ер адамның әйелі оқиғанын мән жайын баяндап берді деп жазады kstnews.kz.

Амангелді Имашевпен 2012 жылы танысқан әйел онымен азаматтық некеде тұрыпты. Ажырасып кеткеннен кейін әйел өмірге оның ұлын әкелген.

«2017 жылы үйге келіп қосылайық деді. Әйтпесе, өлтіретінін айтты. Мен қорыққанымнан айтқанының бәріне келістім. Бірақ кейін полицияға шағымдандым. Кетіп қалдық. Одан кейін үйге кеп, терезені сындырып ұйықтап жатқан ұлын алып кеткен», — деген келіншек ұлын соңғы рет ұйықтар алдында көргенін айтады.

Баланы ұрлап кеткеннен кейін Имашев бұрынғы әйеліне «Бізді полиция іздеп жатыр. «Одноклассникке» іздеу салыпсың. Біздің өлімімізді асықтырған өзің» деп хабарлама жолдапты. Содан кейін 4 жасар баланың анасы олардың өлі табылғаны жайлы ақпаратты полицейлерден естіген.

Еске сала кетейік, 14 қыркүйек күні ұлын өлтіріп, кейін өзіне қол салған ер адам аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары