20.09.2018, 11:50

Семейде 30 жастағы ер адам он екінші қабаттан құлап кетті

30 жастағы семейлік жігіт 12-қабаттан құлап аман қалды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар басқармасынан хабарлап отыр.

Құтқарушылардың айтуынша, «112» желісіне жедел жәрдем қызметінен қоңырау шалынған. Дәрігерлер 12-қабаттан аяғы тайып кетіп, жапсарлас тұрған үйдің 9-қабатына құлаған азаматты төменге түсіру жөнінде көмек сұраған. Тұрғын шатырда телевизиялық антеннаны жөндемек болған. Төтеншелік мамандар аяғынан жарақат алған жігітті жедел жәрдем бригадасына табыс етті. Құтқару жұмыстарына 3 адам жұмылдырылған.

Дереккөз: Хабар 24 телеарнасы