$ 498.34  519.72  4.85

Трамп Ресейге қарсы санкция режимі туралы жарлық шығарды

АҚШ президенті Дональд Трамп 20 қыркүйекте Қаржы министрлігіне Ресейге қарсы Қырымды аннексиялап алуына, Украинаға қатысты басқыншылық іс-қимылдарына байланысты және «Американың жауларына санкция арқылы қарсы іс-қимыл туралы» заңға сай енгізілген санкциялар мәселесінде қосымша өкілеттік беретін жарлық шығарды деп жазады Азаттық.

Ақ үй сайтында жарияланған жарлық жаңа санкциялар салмайды, тек Ресейге қарсы қолданыстағы шектеу шараларын қолдану режимін тәртіпке келтіреді. Трамптың Конгресс палаталарының басшыларына жолдаған ілеспе хатында жарлықтың санкция режимін бұрынғыдан да қатаң сақтауға бағытталғаны айтылады. Атап айтқанда, жарлықта санкция ауқымын анықтау мен оның бұзылмауын қамтамасыз етуде Мемлекеттік департаментпен бірлесіп жұмыс істегенде қаржы министрлігінің жетекші рөл атқаратыны қарастырылған. Құжатта сонымен қатар АҚШ-тың Ресейдің жеке және заңды тұлғаларына енгізуі мүмкін санкциялары көрсетілген. Ықтимал санкция арасында несие беруді шектеу немесе тыйым салу, активтерді бұғаттау, АҚШ азаматтары мен компанияларының санкцияға енгізілгендермен жұмыс істесуіне тыйым салу, виза беруден бас тарту және басқа да шаралар бар.

АҚШ 2014 жылдан бері ресейлік жүздеген жеке және заңды тұлғаға қарсы санкциялар салған. Биыл сәуірде санкция тізіміне ірі бизнесмендер Олег Дерипаска мен Виктор Вексельберг және олар бақылайтын бірнеше компания енгізілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары