21.09.2018, 06:41

Ұлттық валюта тағы да нығая түсті

Ұлттық валюта бағамы 352,09 теңгеге дейін төмендеді.

Kurs.kz мәліметінше, ақша айырбастау пунктерінде доллар 350,1 мен 357 теңге аралығында сатылып жатыр.

Еске сала кетейік, 19 қыркүйек күні теңге 7 теңгеге нығайған еді. 1 күн ішінде АҚШ валютасы тағы да 6 теңгеге арзандап отыр.