21.09.2018, 08:27

Ақтөбеде полицейлерге шабуыл жасамақ болған 147 радикал ұсталды

Ақтөбеде полицейлерге шабуыл жасамақ болған 147 радикал ұсталды. Бұл туралы Ақтөбе облысының Ішкі істер департаментінің басшысы Махамбет Абисатов мәслихат сессиясы кезінде айтты.

ІІД басшысы істің мән-жайы туралы толық ақпарат бермей отыр. Тек бұны ешқандай пиарсыз жүзеге асырғандарын айтады. Десе де Абисатов 147 радикалдың ұсталғанын журналистің берген сауалына жауап ретінде айтып қалды.

Сондай-ақ ол Алматыдағыдай терезелердегі темір торларды алып тастау әлі ерте екенін айтады.

«Бөлімшелерде де қару мен оқ-дәрілер бар. Министр азаматтар бізге еш кедерегісіз келуі керек екенін айтады. Біз оған жағдай жасап жатырмыз», - деді Ақтөбе облыстық полиция басшысы.

Дереккөз: Sputniknews.kz