Алматыда соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі Түркия азаматына кешірім бермеді деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Николай Кучманың айтуынша, оған Али Демирдің адвокаты хабарласып, емінің ақшасын төлеп беруді ұсынған.
«Иә, оның кешірім сұраған видеосы жайлы естідім. Оның адвокаты менің адвокатыма хабарласып, кешірім сұрағысы келетінін және емнің ақшасын өтеп бергісі келетінін айтқан. Мен әзірше кешірім бермеймін, жағдайым онша емес. Әлі бір аптадай ауруханада боламын.
Бұл істі сотқа дейін жеткіземін. Өзімде барлығы бар, ешқандай материалдық көмек керек емес. Сот барлығын шешеді, адвокат моралдық және физикалық залады есептейді. Сот не шешсе, сол болады», - деді жедел жәрдем жүргізушісі Николай Кучма.
Осыған дейін жүргізушіні ұрған Түркия азаматы кешірім сұраған болатын. Видеода ер адам өзін таныстырып, 18 қыркүйекте болған бұл жайтқа байланысты бүкіл қазақстандықтан және жедел жәрдем жүргізушісінен кешірім сұрайды. Сонымен қатар, ол оқиға болған күні күйзелісте болғанын, оған 16 қыркүйекте ұрланған көлігі себеп екенін айтады. Әйелі және 5 айлық қызы бар екенін айтып, қоғамнан түсіністік танытуды сұрайды.
Еске сала кетейік, мұның алдында Алматыда ер адамның жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққаны жайлы хабарланған еді. Полиция өкілдері ер адамның