Дзюдодан Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ерлан Серікжанов 66 келіде күміс жүлде алды деп жазады Азаттық.
Әлемдік рейтингіде 36-орында тұрған Серікжанов финалда жапониялық Хифуми Абеден (әлемдік рейтингіде 2-орында) жеңілді.
Қазақстан балуаны ширек финалда моңғолиялық Херлен Ганболдты (5), жартылай финалда әлемдік рейтингінің лидері израильдік Таль Фликерді иппон әдісімен (таза жеңіс) жеңді.