Ақтөбеде 28 тамызда жоғалып кеткен егіз баланың анасы әлі табылмай жатыр деп жазады Ақтөбе Таймс.
24 жастағы келіншек балабақшалардың бірінде тәрбиеші екен. Жұмысқа кеп 1 сағатқа сұранып кеткен ол содан бері қайта оралмаған.
Жергілікті ішкі істер департаменті іздеу жүргізіп жатқанын айтады. Басқа қандай да бір мәлімет бермей отыр.