22.09.2018, 04:12

Ақтөбеде егіз баланың анасы жоғалып кетті

Ақтөбеде 28 тамызда жоғалып кеткен егіз баланың анасы әлі табылмай жатыр деп жазады Ақтөбе Таймс.

24 жастағы келіншек балабақшалардың бірінде тәрбиеші екен. Жұмысқа кеп 1 сағатқа сұранып кеткен ол содан бері қайта оралмаған.

Жергілікті ішкі істер департаменті іздеу жүргізіп жатқанын айтады. Басқа қандай да бір мәлімет бермей отыр.