22.09.2018, 04:23

Алматыда таң атпай кафе өртенді

Алматыда таңертең сағат 5-те кафе өртенді деп хабарлайды жергілікті ТЖД-нің баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова.

Өрт 300 шаршы метр аумақты алған.

101 пультіне қоңырау сағат 5:04-те түскен. Төтеншеліктер өртті сағат 6:14-де өшіріп үлгерген. Тілсіз жаудың неден шыққаны тексеріліп жатыр.

Қайтыс болғандар мен жапа шеккендер жоқ.

Дереккөз: NewTimes.kz

Тегтер: Алматы өрт кафе