Жаңалықтар 13.08.2015 сағат 08:47

«Танк биатлоны-2015» байқауының жеңімпазы анықталады

Бүгін Алабино полигонында қазақстандық танкистер «Танк биатлоны» байқауының жартылай финалындағы тартысты жалғастыратын болады.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жеке сайысты бастар алдында Қазақстан мен Ресей арасындағы негізгі тартыс басталған болатын. Екі елдің экипаждары бірнеше ұпай айырмашылықтары болғанымен іс жүзінде бірдей келді. Бүгінгі эстафетада «Танк биатлоны-2015» байқауының ең мықты жалғыз жеңімпаз тобы анықталатын финалына қатысушылар белгілі болмақ.

12 тамыз күні Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері алдын-ала жасалған тұжырым бойынша халықаралық армиялық ойындарында жалпы топтар арасында үшінші орынды иеленді.

Қазақстандық әскери қызметшілерден құралған топ он үш байқаудың небәрі төрт түрі бойынша ғана сайысқа түсті, атап айтсақ, танк биатлоны, авиадартс, Каспийлік дерби және Каспий кубогы.

Дегенмен қазақстандық әскерилер сайыстың төрт түріне ғана қатысқанына қарамастан олар өздері сынға түскен байқаулардан ғана емес, 17 мемлекеттен қатысқан 57 топ арасында жалпы есепте жоғары орынды иеленіп отыр. Бірінші орында тұрған Ресей Федерациясы 13 сайыстың барлығына, ал екінші орындағы – Қытай 12 байқауға қатысып жатыр. Төртінші орындағы Белорусь 9 байқауға қатысуда, бесінші орындағы Венесуэлла 4 байқауға қатысуда командасы.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар