$ 444.22  476.38  4.82

SCAT әуе компаниясының 200-ден астам жолаушысы Антальяға ұшай алмай отыр

Шымкенттен Анталияға жете алмай қалқан SCAT әуе компаниясының 200-ден астам жолаушысы бүгін түнгі сағат 22:30-да діттеген жеріне ұшып кетеді.

Бірнеше сағат бойы әуежайдың транзит аймағында қалып қойған жолаушыларды әуе компаниясы ыстық тамақ, қонақ үймен қамтамасыз етті. Бұл жайында SCAT әуе компаниясының ресми өкілі Виктория Ульянова мәлім етті.

Еске сала кетейік, бүгін Шымкенттен Анталияға бет алған SCAT әуе компаниясының чартерлік рейсінің 200-ден астам жолаушысы транзиттік аймақта қалып қойған болатын.

«Әуе кемесін ұшуға дайындау кезінде басқару рөліндегі ақауды байқадық. Қазір инженерлік-техникалық топ жұмыс істеп жатыр», – дейді  SCAT компаниясының ресми өкілі Виктория Ульянова.

24.kz

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары